ҚР Президенті: Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», - деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар