+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Қазақстан Сингапурмен бірқатар салада ынтымақтастықты нығайтады

2019 жылғы 1 қазан 14:42
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Қазақстан Сингапурмен бірқатар салада ынтымақтастықты нығайтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты ҚР Президенті: Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы қарым-қатынастың достық ниетке құралғанын атап өтті.

«Біз сіздің елді құрметтейміз. Бүгінгі Сингапурдың негізін қалаған сіздің әкеңіз Ли Куан Ю Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын достық қарым-қатынаста болғаны, оның 90-жылдардың басында Қазақстанға келгені есімізде. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастыққа берік негіз бар деп ойлаймын»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Сингапур Премьер-Министрі де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

«Біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Өзіңізбен Президент ретінде бірлесе жұмыс істеуге асықпын»,– деді Ли Сянь Лун.

Тараптар екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды арттыруды, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында қалыптасып келе жатқан өзара қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту жайын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрін елімізге арнайы сапармен келуге шақырды.

«Біз сізді өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта күтеміз. Сіздің сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар нақты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік береді»,– деді Қазақстан Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT