ҚР Президенті: Қазақстан мен Еуропалық кеңес арасындағы байланыстар дами береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда резиденциясында өткен ресми қарсы алу рәсімінен кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Тускпен келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес төрағасының сапары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың дамуына тың серпін беретінін айтты.

- Сіздің бұл сапарыңыздың мәні зор. Біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз тек кеңейе беретініне сенімдімін. Екі тарап та көздеген мақсатқа жетуге мүдделі болғандықтан, біздің қарым-қатынасымыздың болашағы жарқын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
null

Дональд Туск Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдірді.

- Қонақжайлық танытқандарыңыз үшін көп рахмет. Біздің сіздермен тәжірибеміз бен өзара қарым-қатынастарымыздың тарихы ортақ. Географиялық ара қашықтықтың үлкен болғанына қарамастан, Қазақстан біз үшін өңірлік тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, жаһандық деңгейде де маңызды әрі тұрақты серіктес саналады, - деді Еуропалық кеңес басшысы.
null

Әңгімелесу барысында тараптар әртүрлі саладағы Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Соңғы жаңалықтар