22:05, 24 Шілде 2022 | GMT +6
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарының видеосы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Сауд Арабиясының іскер топтар өкілдерімен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
ҚР Президенті Сауд Арабиясы Мемлекеттік инвестициялық қорының басқарушысымен және
Сауд Арабиясындағы ірі компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысымен кездесті.
Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.