19:16, 13 Желтоқсан 2019 | GMT +6
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке барды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.
Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті. Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.