ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1981 жылы туған, жоғары білімді, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығымен, Тұран-Астана университетін бітіріп қаржы бакалаврі дәрежесін алған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты. 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінде 2004-2008 жылдары қызмет атқарған. 

2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы сектор меңгерушісі, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 

2013-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісі.

2017 жылғы маусымнан осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

  

 

Соңғы жаңалықтар