ҚР Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.

Соңғы жаңалықтар