ҚР Президенті Ханчжоуда Hikvision компаниясының штаб-пәтерінде болды

None
None
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Ханчжоу қаласындағы жоғары технологиялы Hikvision компаниясының штаб-пәтеріне барды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Компанияның басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына корпорацияның құрылу тарихы, инновациялық өнімдер саласындағы негізгі жетістіктері туралы әңгімеледі.

Чэнь Цзуннань 2001 жылы негізі қаланған компанияның шағын ұйымнан жаһандық корпорацияға дейінгі жолын баяндады.
Бүгінгі таңда Hikvision халықаралық желісінің бас кеңсесі Ханчжоуда, ал Еуропа, Азия және Америка елдерінде 46 сауда өкілдігі бар.
Компанияның өнімдері 150-ден астам елде сұранысқа ие. 2018 жылы компания сатылымдарының көрсеткіші 19% өсіп, 7,3 млрд долларға жетті.
Жылдық табыстың 7-8%-ын жаңа әзірлемелерге жұмсайды.
Компанияда 16 мың R&D иженері жұмыс істейді. Hikvision басшысының айтуынша, 2015 жылы компания Қазақстанда да өкілдігін ашқан.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның шоу-румын көріп, оның басты технологиялары - интеллектуалды қабылдау өнімімен, жасанды интеллектімен, «Ақылды қала» жүйесімен, сондай-ақ автомобиль электроникасы сияқты соны дүниелермен танысты. Тouch-screen функциясы бар интеллектуалды мониторын қарау кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экранға қытайдың Zhineng (аудармасы - ақыл-ой, интеллект) иероглифін жазды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары жалғасуда.




Автор: Руслан Сүлейменов




Соңғы жаңалықтар