ҚР Президенті Халықаралық инженерлік академияның құрметті Алмаз белгісімен марапатталды (ФОТО)

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапатталған Халықаралық инженерлік академияның Алмаз белгісін тапсыру рәсімі өтті.

Бұл құрметті белгіні тапсыру кезінде Халықаралық инженерлік академияның президенті Борис Гусев Қазақстан Президенті халықаралық инженерлік академияның құрылуының бастауында болғанын атап өтті.

«Біз Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымызды білдіреміз. Ол Халықаралық инженерлік академияның ақсақалдар кеңесі құрамында құрметті мүшелерінің қатарында қатарда қала бермек», - деді Б.Гусев.

Б.Гусев сондай-ақ өзінің құрылуының 25 жылдығының қорытындыларын шығара отырып, Халықаралық инженерлік академия ішіне таңдаулы қайраткерлердің, соның ішінде Н.Ә.Назарбаевтың есімі кірген энциклопедияны басып шығарғаны туралы хабарлады.

Халықаралық инженерлік академияның жоғары наградасын Мемлекет басшысының Қазақстанның дамуына үлкен үлесін атап өткен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин қабылдады.

«Бұл Қазақстан Президентінің ғылымға, өндіріске, мемлекетті дамытуға, соның ішінде, инженерлік ғылымның дамуына қосқан зор еңбегінің шынайы көрінісі. Бұл естелік белгі біздің Президентіміздің қолына табысталатынына сендіруге рұқсат етіңіздер», - деді М.Тәжин.

Соңғы жаңалықтар