+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

ҚР Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

2020 жылғы 14 ақпан 20:11
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Германияның ірі компаниялары басшыларымен – «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен, «Rhenus SE&Co.KG» компаниясының басқарма мүшесі Михаэл Виферспен және «Reverse Logistics Systems GmbH» компаниясының басқарма төрағасы Патрик Видеманнмен екіжақты кездесулер өткізуден басталды.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Парсы шығанағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 проценті сенеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Германияның ірі ауыл шаруашылығы компаниясының басшысы Клаус Лутцпен болған кездесуде энергия көздерін қайта қалпына келтіру және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру салалары бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Германия бизнесімен арадағы тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін атап өтіп, кәсіпкердің назарын еліміздегі энергия көздерін қайта қалпына келтіру және тыңайтқыштар өндіру бағытының әлеуетін арттырудың маңыздылығына аударды.

– Біз Қазақстанда жел және күн электр станцияларын көбірек салуымыз керек, бірақ тиісті инфрақұрылым жетіспейді. Сондықтан сіздің компаниямен тығыз серіктестік орнатуға зор қызығушылық танытып отырмыз, – деді Президент.

Михаэл Виферспен әңгімелесу кезінде көлік-логистика саласы бойынша бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.

Неміс бизнесмені Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өкілдіктері бар компанияның Қазақстандағы жұмысы және Қарағандыда үшінші өкілдіктің ашылуы туралы мәлімет берді. Компания еліміздің аумағында жаңа бірлескен көлік-логистикалық терминалды алуға және іске қосуға мүдделі екенін білдірді.

Мемлекет басшысының Патрик Видеманнмен өткізген кездесуінде Қазақстанда бос ыдыстарды қайта айналымға жіберудің кепілдік-қайтарымдық жүйесі жөніндегі жобаның жүзеге асырылу перспективалары талқыланды.

«Reverse Logistics Systems GmbH» компаниясының басшысы материалдар мен қалдық заттарды қайта өңдеу саласында тиісті экожүйе құру үшін Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты.

Президент компанияның жұмысын және бірегей әзірлемелерін, оның ішінде бос ыдыстарды қайта айналымға жіберу үшін әрбір бумаға идентификатор енгізу қызметін жоғары бағалады.

Жалпы, кездесулер аясында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің шетелден, соның ішінде Германиядан тартылған инвестицияларды әртараптандыруға мүдделі екенін растады. Ол бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT