ҚР Президенті Франция халқына көңіл білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Да́м соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңілін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік және француз мәдениетінің бірегей ескерткіші, Нотр-Дам-де-Пари соборында болған жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін», - деп жазады Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін біз Париж қаласындағы Нотр-Да́м соборында өрт шыққаны және алапат өрттің сөндірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар