ҚР Президенті: Еуразия - геосаясат пен геоэкономиканың басты таралу аймағы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразия - бұл геосаясат пен геоэкономиканың басты таралу аймағы.

Бүгін «Астана» клубының екінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жерде көптеген мемлекеттердің, үлкен державалар мен көшбасшы өңірлік елдердің мүддесі тоғысады. Объективті себептер үлкен еуразиялық кеңістіктің әлемдік дамудың басты үш аспектісі - экономика, қауіпсіздік, гуманитарлық өлшем бойынша тұтастыққа ие болуға әкеледі», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бүгінде Еуразияның жекелеген бөлігі өңірлерге қарқынды бөліне бастағандығын да атап өтті.

«Біз Еуразиялық одақтың бар екендігін білеміз. Атлантикалық одақ жайында сөз жүріп жатқанын да біліп отырмыз. Қазір Тынық мұхиты бірлестігінің пайда болуынан хабарымыз бар. Ал ортасында не қалады? Еуразия. Барлық бөлігі емес, нақты орталық бөлігі ғана, қалай бірігу қажеттігін ойластыру қажет. Шанхай ынтымақтастық ұйымының тосыннан құрылмағандығын байқаған шығарсыздар. Біз осында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бастамашылық жасадық. Яғни, бірігу жүріп жатыр», - деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар