ҚР Президенті есімін неге Қасым-Жомарт деп қойғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұжымдастыру тақырыбын көтерудің саяси астары жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильм барысында Қазақстан Президенті ұжымдастыру жылдарында басқа халықтарға қарағанда қазақтардың көп зардап шеккенін, 5 млн халықтың 2,5 миллионы қырылып қалғанын айтады.

«Сондықтан бұл тақырып қазір көтеріліп жатыр. Алайда ешқандай саяси астары жоқ. Драмаға айналдыру, қысым жасау, әсіресе, орыстарға қарсы әрекеттердің де жоқ екенін атап айтқым келеді. Өйткені, ұжымдастыру кезінде қазақ халқының қырылуына орыс халқының, тіпті биліктегі орыстардың түк қатысы болмаған», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев деректі фильм кезінде атасы жайлы да сөз қозғады.

«Атам нан тауып келуге кеткен. Ал келген кезде кенже қызының пешке түсіп, өліп қалғанын көреді. Сол кезде ол 2-3 жастағы бала болған. Ал бәйбішесі сал болып қалғандықтан ештеңе істей алмаған. Мұны көрген атам үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Ал екі ұлы, әкем мен ағасы Қасым менің атымды әкемнің ағасының құрметіне Қасым-Жомарт деп қойған. Екеуі балалар үйіне өткізіледі, сосын интернатта оқиды. Мектеп бітірген соң екеуі де соғысқа аттанады. Екінші дүниежүзілік соғыста Қасым ағам әйгілі Ржев шайқасында көз жұмды. Ағам Тверь облысы, Ржев ауданы, Трубино ауылында жерленген. Әкем оны іздеген. Бірақ ол кезде көп құжат құпия сақталды, оның ішінде Ржев шайқасы туралы құжаттар да бар. Тек 2000 жылдардың ортасында, РФ Қорғаныс министрлігінің Подольскідегі мұрағаттары ашылғанда ғана жерленген жері анықталды. Мен Алматыда жерленген әкемнің бейітінен бір уыс топырақ алып, бауырластар зиратында жерленген ағамның бейітіне апарып шаштым. Ол жерден бір уыс топырақ алып, Алматыға әкелдім», - деп еске алады Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар