ҚР Президенті елордадағы «Боталы» отбасы денсаулығы орталығын көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына елорданың алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем желісінің дамуы және «Үйдегі дәрігер» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға, әсіресе, қала халқының тұрақты өсу жағдайында медициналық көмектің сапасын арттыру және оның қолжетімді әрі жақын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті медициналық кабинеттерді, жеңілдікпен дәрі-дәрмектер берілетін дәріхананы аралап көрді. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолданатын тіркеу бөлімінің жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар