ҚР Президенті: ЕАЭО-ны өзара тиімді ынтымақтастық принципінде дамыту қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақты өзара тиімді ынтымақтастық принципінде дамыту қажет. Бұл туралы бүгін елордада өткен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды міндет - біздің интеграциялық жобаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Біз бір-бірінің пікірін ескере және шешімдерді барынша келісе отырып, өзара тиімді ынтымақтастық принципімен Одақты дамытуға тиіспіз. Біздің интеграциялық бірлестіктің әлемдік қоғамдастық алдында беделінің түсуінен қорғауымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Одаққа мүше мемлекеттер, олардың экономикасы, бизнесі, азаматтары Одаққа мүшеліктің шынайы жемісін сезінуі тиіс екендігін айтты.

«Басқаша сөзбен айтар болса, біздің өзара іс-қимылымыз шын мәнінде осынау интеграциялық жобаның қатысушысы болып саналмайтын елдермен ынтымақтастық шарттарына қарағанда барынша тартымды болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сонмен қатар Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатысты.

Соңғы жаңалықтар