+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

ҚР Президенті ЕАЭО елдеріне трансшекаралық көлік әлеуетін дамытуды ұсынды

2021 жылғы 14 қазан 18:23
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті ЕАЭО елдеріне трансшекаралық көлік әлеуетін дамытуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтарының әлеуетін дамыту керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан жүргізушілер жазаланды Қалмақстанда автобус пен «Камаз» соқтығысып, 6 адам мерт болды Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

«Трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамыту да маңызды. Еуразиялық экономикалық одақты «Белдеу мен жол» бастамасымен түйіндестіру және заманауи логистикалық инфрақұрылымдарды қалыптастыру одақтың әлемдік тауар ағынындағы экономикалық ықпалын айтарлықтай күшейте түседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ЕАЭО елдері қазірдің өзінде инфрақұрылымдық және көліктік жобалар топтамасын әзірлеп отыр.

«Оларды жүзеге асыруды жетелдетумен қатар шекаралық көлік ағындарына қызмет көрсету бағасына тартымды тариф құру да маңызды. Бұған дейін де айтқанымдай, көлік ведомстволарын барынша тығыз ынтымақтастыққа шақырамын. Бұған қоса, комиссия барлық мемлекеттермен бірге көлік дәліздеріне, кедергілерге кешенді шолу жасап, оларды жою бойынша нақты іс-шаралар ұсына алар еді деп санаймын»,- деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT