ҚР Президенті: ЕАЭО елдері өзінің транзиттік әлеуетін толыққанды көрсете білуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзінің транзиттік әлеуетін толығымен жүзеге асыра білуі керек. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тактикалық қадамдар мен бастамалар туралы да ойлану керек. Осыған байланысты келесі мәселелерге назар аударуды ұсынамын: біріншіден, пандемия кезеңінде экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлік белсенділікті жігерлендіру. Ірі кәсіпорындардан қарағанда шағын және орта бизнестің өкілдерінде кооперация үшін жеткілікті мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар бизнестің бұл түрі – халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтитын біздің экономикалардың негізгі элементі саналады. Осыған байланысты комиссияға шағын және орта бизнес өкілдерін интеграциялық өндірісті желіге қатыстырарлық шаралар кешенін әзірлеуді ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Президент екіншіден Қытай мен Азиядағы сауданың өсімі – Шығысты экономикалық гравитацияның орталығына айналдыратындығын айтты.

«Азия шынында да ХХІ ғасырдың аймағына айналуда. Бүкіл әлемнің жалпы ішкі өнімінің 28 пайызы – осы Азияда шоғырланған. Бұл сан тек өсе бермек. Қазіргі таңда Шығысқа мойын бұру тренді жаңа мүмкіндіктерге жол аша бастады. Біз – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өзіміздің транзиттік әлеуетімізді толығымен жүзеге асыра білуіміз керек. Траншекаралық учаскелерді жаңғырту жұмысына баса мән беруді, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Ресей аумағындағы құрылысын аяқтауды ұсынамын. Сондай-ақ тауарлардың ішкі қозғалысын қамтамасыз ету үшін көліктік дәліздерді цифрландыру жұмысын аяқтау керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар