USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

ҚР Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

2021 жылғы 30 қараша 00:05
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Ұлттық статистика бюросының басшысын қызметінен босатты «Самұрық-Қазына» басшысы қорды реформалау бойынша ұсыныс күтеді Президенттің апталық жұмысына видеошолу жарияланды

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-конференциясына еліміздің төрағалық ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық сауданы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікірлерін ортаға салды.

26 қарашада ДСҰ Ұйымға мүше мемлекеттер министрлерінің 12-конференциясының өтетін уақытын кейінге шегеру жөнінде мәлімдеме жасады. Жиын 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Женевада өтуге тиіс еді.

Нгози Оконджо-Ивеала індеттің өршуіне байланысты министрлер конференциясын кейінге шегеруге тура келгені өкінішті жәйіт екенін және оның өте ауыр шешім болғанын айтты. Кездесуге қатысушылар іс-шараны өткізудің ықтимал жаңа мерзімдерін талқылады.

Президент ДСҰ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта келе, пандемия жағдайында Ұйымның әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру ісіндегі негізгі рөліне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың басшылығымен вакцинаның барлық адамға бірдей тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен, негізгі халықаралық ұйымдармен және вакцина өндірушілермен жүргізіліп жатқан конструктивті диалогқа қолдау білдірді.

Әңгімелесу барысында 2022 жылдың қараша айына жоспарланып отырған Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы сауда саясатына алғашқы шолуының шығарылымы талқыланды. Президент еліміз үшін осы оқиғаның аса маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ДСҰ қағидалары мен ережелеріне, сондай-ақ осы ұйымға кірген кезде өзіне жүктелген міндеттерге бейілділігін растай алатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді.

Бүгін Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті, ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты, сондай-ақ Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT