+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

ҚР Президенті ДДСҰ басшысымен коронавирустың таралуының алдын алу мәселесін талқылады

2020 жылғы 15 ақпан 17:48
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті ДДСҰ басшысымен коронавирустың таралуының алдын алу мәселесін талқылады

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президентке ұлттық холдингтерді оңтайландыру туралы ұсыныс берілді Мюнхен конференциясында Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығы талқыланды Қасым-Жомарт Тоқаев: Инновациялар мен цифрландыруға баса мән беріледі

Кездесу барысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуының алдын алу бағытында Қазақстанда қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Тедрос Адхан Гебрейесус Қазақстан Президентіне коронавирустың таралуына байланысты әлемдегі ахуал жайында кеңінен мәлімет берді.

Сонымен қатар, пікір алмасу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастық шаралары талқыланды.

Бұдан бөлек, Мюнхендегі жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурермен де кездесті.

Петер Маурермен жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Осы орайда халықаралық күн тәртібіндегі ортақ мәселелер туралы пікір алмасылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Маурерге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Айта кетейік, 1994 жылдың желтоқсанында ҚР Үкіметі мен ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросы арасында денсаулық сақтау саласында техникалық әрі консультативтік ынтымақтастықтық қатынастарды орнату туралы базалық келісімге қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Қазақстанмен үйлестіру және байланыс бойынша ДДСҰ Бюросы ашылды. Бүгінде ұйым Қазақстанда Нұр-Сұлтан қаласындағы елдік кеңсесі арқылы қызмет етуде.

Қазақстан Копенгагендегі ДДСҰ өңірлік кеңсесімен, сондай-ақ Женевадағы штаб-пәтерімен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға айрықша мән беріп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT