Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.38 EUR 431.05
RUB 6.02 CNY 55.00
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Біздің жастар - білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал

2019 жылғы 7 маусым 09:10 831
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Біздің жастар - білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біздің жастар - ақылды, креативті, патриот. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2019 жылы жастарға қанша пәтер беріледі Алматыда жасампаз жастардың жаңа коворкинг-орталығы ашылды

«Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл - ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады», - деп жазды Президент өзінің twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT