ҚР Президенті бірнеше волонтерлік ұйымды үлгі етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше волонтерлік ұйымды үлгі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«LIDER.KZ волонтерлік жұмысын ерекше атап өткен жөн. Бұл ұйым төтенше жағдайда көмек көрсету үшін құрылған. Оның мүшелері жоғалған азаматтарды іздестіруге белсене атсалысып келеді. Қазір осы қозғалыстың қатарында 1,5 мыңнан астам ерікті бар», - деді Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті волонтерлікпен айналысып жүрген «Best for kids» қоғамдық қорының да жұмысы көпшілікке үлгі-өнеге екендігіні баса айтты.

«Бұл ұйым өз қызметін осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысында бастаған. Содан бері балалар үйіндегі жасөспірімдерге тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Ол жастарға жігер беретін түрлі дәрістер, тренингтер өткізеді. Сонымен қатар жетім балаларға көмектеседі. Міне, осындай волонтерлік ұйымдарды көбейтуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар