+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

ҚР Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2020 жылғы 1 шілде 15:36
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысына Бразилия Федеративтік Республикасының елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза, Оман Сұлтанатының елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих Әл-Бахрани, Корея Республикасының елшісі Ку Хонг-сок сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық жұмыстарының басталуымен құттықтап, оларға табыс тіледі.

«Сіздердің елдеріңізбен арадағы қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің мемлекеттеріңіздің басшыларына сәлем жолдаймын. Елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықтың одан әрі дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздер бүкіл әлем пандемиядан зардап шегіп жатқан қиын-қыстау уақытта біздің елімізге келдіңіздер. Қазақстан бұл қауіпті дертті жеңу үшін дер кезінде шешім қабылдап жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ біз халықаралық ынтымақтастыққа арқа сүйейміз, БҰҰ-ның іс-әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен қатар әлемдегі барлық ел күш біріктіре отырып, аталған дертті жеңеді деп үміттенеміз», – деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT