ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысының Өкімдерімен Дәурен Қосанов пен Нұрлан Қашағанов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен;

Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше тағайындау болғанын хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар