+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ҚР Президенті Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруға қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 10 қараша 16:46
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау білдіруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады Мағзұм Мырзағалиев ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды Ауғанстан мен Ирак ШЫҰ қорғаныс министрлерінің назарында

«Экстермизм, терроризм, сепаратизм және рухани құндылықтардың девальвациясына қарсы іс-қимылда біздің халықтардың жасампаз әлеуетін жұмылдыру үшін ШЫҰ мемлекеттерінің бірігей мәдени мұрасын дамыту маңызды. Сондықтан біздің ұйым үшін мерейтойлық алдағы жылды ШЫҰ мәдениеті жылы деп жариялауды қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент қаруланудың жаһандық жарысының күшеюі биологиялық қаруға қатысты қадағалау жүйесін іске қосудың қажеттігін өзекті етіп отырғандығын атап өтті.

«Баршамыз биотерроризмнің қатеріне байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында Биологиядық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды ұсынған едім. ШЫҰ бойынша әріптестер тарапынан бұл мәселеде қолдау болатынына сенім артып отырмын», - деді Қ. Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Еске сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT