ҚР Президенті: Білім беру үрдісінде басты назар мемлекеттік тілде болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім беру үрдісінде басты назар мемлекеттік тілде болуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балаларға білім беру үрдісінде басты назарды мемлекеттік тілге, қазақ тіліне беру керек. Орыс тілін де оқыту керек, себеп түсінікті. Ағылшын тілін де оқыту қажет, екі тілмен қатар емес, кейінірек меңгеруге болады. Осылайша, үш тілді, болашаққа ашық көзбен қарайтын ұрпақты тәрбиелейміз»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар