+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

ҚР Президенті бейбіт жиындар жайында: 250 адам деп шектеу жөнсіз

2020 жылғы 29 ақпан 15:47
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті бейбіт жиындар жайында: 250 адам деп шектеу жөнсіз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында қоғам талқылауына түскен бейбіт жиындар өткізу тәртібі туралы заң жобасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдауымда айтқанымдай, бейбіт жиындар өткізу азаматтарымыздың Конституциямен кепілдік берілген құқығы және жергілікті билік бөлген, бұған қоса қаладан тысқары емес жерлерде өткізе алады. Конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған кез келген ұмтылыс, сонымен қатар экстремистік зорлық-зомбылық көріністері заңнамаға сәйкес тоқтатылатын болады. Бұл еліміздің азаматтарының басым бөлігінің мүддесі үшін жасалады. Бұған қоса, бейбіт жиындарды өткізудің тек хабарландыру тәртібін енгізу түбегейлі маңызды деп санаймын», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ұйымдастырушылар билікке жиынға қатысушылардың жоспарланып отырған санын хабарлауы тиіс. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша маңызды.

«Сол арқылы ұйымдастырушылар да, жергілікті билік те қоғамдық тәртіпті сақтауға екіжақты жауапты болады. Дегемен, үкіметтік заң жобасындағы бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT