ҚР Президенті «Бесінші жол» мақаласы арқылы жаңа идеология ұсынып отыр - Қ. Тоқаев

None
None
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Бесінші жол» мақаласы арқылы жаңа дәуір үшін жаңа идеология ұсынып отыр. Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шындығында, қазіргі өркениет тарихи шешімдер қабылдаудың табалдырығында тұрған тәрізді. Осы тұрғыдан алғанда жақында ғана жарыққа шыққан ҚР Президентінің «Бесінші жол» атты мақаласы терең талдамалығымен, өзектілігімен ерекшеленеді. Онда Президент адамзат баласы әлемдік валюталық-қаржылық таңдау кезеңін, өз дамуындағы новаторлық құралдарды таңдау дәуірін бастан кешіріп отырғанына ерекше ден қояды.  Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ағымдағы ғаламдық дағдарыстың - қандайда бір стихиялық апат та міндеттемелердің кездейсоқ қақтығысы да емес, керісінше радикалды түрде қайта қарауды қажет ететін әлемдік қаржы жүйесінің тереңдеп кеткен ішкі дефектінің заңды салдары екендігіне әлемдік қауымдастықтың назарын аударады. Мақалада Автор Азияны жаңа мемлекетүсті эмитент құруға болатын құрлық ретінде жайдан жай көрсетіп отырған жоқ. Бұл проблемаға осыдан бұрын Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглец мән берсе, Президент Н. Назарбаев мәселені одан сайын тереңдете түседі. Ол Азияның алдыңғы қатарлы жиырма елдерінің жақында болатын саммитінде азиялық мемлекетүсті электронды есептесу бірлігін құру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы мәселені қарауға қатысты ұсыныс айтады», деді Қ. Тоқаев.

 Сонымен бірге, Сенат Төрағасы «ғаламдық дағдарыс әрбір ел үшін және жалпы бүкіл әлем үшін шынайы демократия кезеңіндегі сирек мүмкіндік ұсынуда» деген тезисті  Елбасы мақаласының өзектілігін аша түскен тұсы ретінде атап көрсетті.  «Бұл дегеніңіз әрбір мемлекет, әрбір халық өз болашағын анық демократиялық және еркін таңдауға қатысты тарихи акті жасауға нақты мүмкіндік алып отыр деген сөз.  Оның ішінде бұндай таңдау әлем мемлекеттері жүйесіндегі валюталық-қаржылық жүйені құру инновациясына негізделмек. Шындығын айтқанда, Қазақстан Президенті ғаламдық қайта құрылымдау әдіснамасына және пәлсапасына сәйкес болатын жаңа дәуір үшін жаңа идеология, әлемнің қазіргі бет-бейнесін өзгертуге арналған стратегия ұсынып отыр», деді Сенат Төрағасы.  

Соңғы жаңалықтар