ҚР Президенті «Бастау» жобасына қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бастау» уақытылы әрі толық қаржыландыруы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті Үкімет азаматтарды кәсіпкерлікке баулу үшін «Бастау» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруы тиіс екендігін баса айтты.

«Үш жылдың ішінде 90 мыңға жуық адам бизнес жобасын ұсынды. Бірақ, соның үштен біріне ғана қаржы берілген. Осы бағдарламаны уақытылы әрі толық қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет»,- деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек заңнамасын сақтау, Қазақстан және шетел жұмысшыларының жалақысына және еңбек жағдайына қатысты теңсіздікке жол бермеу мәселесін де бақылауда ұстау керектігін есертті.



Соңғы жаңалықтар