ҚР Президенті: Аутизмге шалдыққандардың арасында қабілетті балалар көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аутизмге шалдыққан балаларға қолдау жасап жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымды білдіремін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Мұндай балалардың біздің қоғамға толықтай бейімделуіне көңіл бөлу аса қажет. Олардың арасында қабілетті балалар көп. Осы бағытта елімізде жұмыс істеп жатқан ҮЕҰ ризамын. Оларды қолдауды жалғастыра береміз», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, еліміз өңірлерінде Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпарат тарату күніне орай түрлі шаралар өткізіліп жатыр.
Осы орайда Алматыда қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласында ақпарат тарату күніне орай спорттық жүгіруден жарыс өткізілді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында сырқат балалар А.Винокуров атындағы спорт сарайына, театрларға, оқушылар сарайына саяхат жасайды, түрлі акциялар мен мерекелік шаралар өтеді.

Соңғы жаңалықтар