+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

ҚР Президенті «Astana Ютария Ltd» компаниясының жұмысымен танысты

2019 жылғы 1 қараша 15:00
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті «Astana Ютария Ltd» компаниясының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Astana Ютария Ltd» өндірістік-инновациялық компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Ақмола облысындағы ет өңдеу зауытына барды ҚР Президенті «CNPC» басшылығына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүктеді Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы кәсіби тігін жабдықтарын құрастырумен әрі жеткізумен айналысатын, арнайы киімдер мен басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығаратын мекеменің жұмысымен танысты.

Президент шығарылатын өнімдердің сапасы мен сұранысқа ие болуын оң бағалап, компанияның экспорттық әлеуетіне назар аударды.


Қасым-Жомарт Тоқаев мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу барысында олардың еңбегінің еліміз үшін маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсететінін және осындай жандар үшін жұмыс орындарын ашатын мекемелерге әрқашан көмек беретінін атап өтті.

«Сіздердің фабрикаларыңызды үлкен қызығушылықпен аралап шықтым. Шын мәнінде, бұл қажетті әрі озық өнім шығаратын және жақсы жабдықталған әлеуметтік-жауапты кәсіпорын. Ең бастысы, мұнда сіздер сияқты ісмер адамдар жұмыс істейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мекеме қызметкерлері фабрикаға келгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, оның мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Жалпы мекемеде 460 адам жұмыс істейді, соның ішінде 45-і халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.








Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT