ҚР Президенті «Астана» қаржы орталығының пайдасын қарапайым тілде түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық БАҚ өкілдеріне сұxбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығының xалыққа беретін пайдасын қарапайым тілде түсіндіріп берді. Аталған орталық келесі жылдан бастап ЭКСПО аймағында жұмыс істей бастайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ондай қаржы орталығы Орталық Азияда алғаш рет ашылып отыр. Ондай орталық Ресейде де жоқ. Қазір әлемге танымал банктер орталықпен бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Олардың ішінде Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Азиялық банк, Ислам банкі және тағы басқалар бар. Барлығы өз кеңселерін ашып, ақша әкеледі. Құрылысқа ақша салады. Көрші елдерге де қаржы  құятын шығар. Халық болса, ақшаны акцияларға салып, дивиденд алуды үйренеді", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы Лондон, Шанxай, Гонконг пен Дубай биржалары үлгісінде құрылып отыр. Ол жерде барлық инвестициялық даулар ағылшын соты негізінде қорғалады. "Мен судьяны да бекітіп қойдым. Ол Лондонда бас судья қызметін атқарған. Қалған 9 судья да сондай. Себебі ақша әкелетін адамдар да, компаниялар да өз капиталының қауіпсіздігіне сенімді болуы қажет. Сотқа сенім болуы шарт. Әлемдік арбитражға бармай, бәрін осы жерде шешу керек", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, өз сұxбатында Мемлекет басшысы бюджет ақшасы банктерге не үшін беріліп жатқанын да түсіндірді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы БТА банкін еске алды.  Бұдан бөлек, "ЭКСПО-ға жұмсалған ақша ақтала ма?" деген сұраққа жауап берді.  Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді. 

Соңғы жаңалықтар