ҚР Президенті арxивінің бірқатар құжаттары ақтаулықтарға сыйға тартылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қазақ елінің астанасы мен Каспий жағалауындағы ақмаржан шаһарға қатысты Елбасының жеке мұрағатынан әкелінген 50-ге тарта құжаттар мен суреттер сыйға берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана - ұлы дала жүрегі, Ақтау - теңіз жолы, тірегі». Осындай атаумен өңірде мұрағаттық көрме өтті. Елорда мен ақмаржан қала Ақтаудың тарихынан сыр шертетін суреттер мерейтойға орай жинақталыпты. Жалпы, 160-қа жуық құжаттар мен фотолар бар.

Әсіресе, Елбасының жеке арxивінен алынған баяндамалары, қаулылары және сызба эскиздерін тамашалаған жұрттың қарасы қалың.

Сондай-ақ, Маңғыстауда өткен маңызды шаралардан естеліктер бар.

«Ақтау-тәуелсіздігіміздің жемісіне өз үлесін қосып отыр. Мынау 12 тамызда 5 елдің басшылары бас қосып, үлкен саммит өтті. Ондағы бейнесуреттерді көрмеге қойып отырмыз. 55 жылда жеткен жетістіктерді құжаттар арқылы көрсетуге тырыстық. Мерекелеріңіз құтты болсын!»,- дейді ҚР Президенті арxиві ҚПҰ басқармасының басшысы Бөлеген Қасенов.

Оның айтуынша, Астананың зәулім және танымал ғимараттарының қалай салынғаны, Елбасының құрылыс алаңында болуы, Президенттің өз қолымен өзгерткен алғысөздері жинақталған суреттер де бар. Фотокөрмедегі жинақтар Маңғыстау облыстық арxивіне сыйға тартылды.null null
null 

null 

Соңғы жаңалықтар