ҚР Президенті: Армия – елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бүгінде армиямыз – елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік нарадаларды тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Жиында Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтады.

«Халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мерекені биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында атап өтеміз. Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз қас қақпай күзетіп тұр. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайладық. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық. Бүгінде армиямыз – елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын мемлекет екенін атап өтті.

«Бірақ, ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс бере аламыз. Соңғы уақытта жер жүзінде түрлі қақтығыстар көбейіп кетті. Сарапшылар алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарды қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі ахуалмен теңестіруде. ТМД аумағында, тіпті, іргелес көрші елдерде жанжалдар пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түсті. Бұл – бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек»,-деді ҚР Президенті.



Соңғы жаңалықтар