ҚР Президенті АӨСШК тиімділігін арттыруға шақырды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің тиімділігін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық достарымыз бен серіктестерімізді форумның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру жолында күш-жігерімізді біріктіруге шақырамын. АӨСШК өз мүддесін жаһандық деңгейде көрсетіп және қорғай алуы керек. Ол үшін бізге оның біртіндеп, кезең-кезеңімен өзгеріп, толыққанды аймақтық ұйымға айналғаны қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы АӨСШК-ны Азияның қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйымына айналдыру жөніндегі бұл бастаманы 2014 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынғанын еске салды.

«Содан бергі уақытта бұл ұсынысты Кеңеске қатысушылардың көпшілігі қолдады. Біздің ойымызша, АӨСШК институционалды ұйым ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдай бар, құқықтық база жасалған, оның ұдайы әрекет ететін құрылымдары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, уақытынан бұрын ентелеп алға жүгіретін ниетіміз жоқ, біз АӨСШК шеңберінде консультацияларды жалғастырып, дәйекті, жүйелі жұмыс істеуге ынталымыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар