ҚР Президенті Алматыға келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстандағы терроризмге қарсы операция туралы ресми ақпараттар жарияланатын Telegram-каналға сілтеме жасап.

«Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстарымен және жақындарымен кездесті, көңіл айтып, наградалар тапсырды», - деп хабарлады Берік Уәли.

Соңғы жаңалықтар