ҚР Президенті Алматыдағы дәрігерлердің тұтқындалуы жөнінде: Заңға сәйкес тексеру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеру керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында»,-деп жазған Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалғандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар