ҚР Президенті Алматыда «Халық арена» жаңа спорт кешенін аралап көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында жаңадан ашылған «Халық арена» спорт кешенін аралап көрді.

Аталған спорт кешені  2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиада өтетін басты нысандардың бірі.  3 мың орынға есептелген ғимаратта хоккейден жарыстар өтетін болады.

Елбасы спорт кешенін, оның аумағына жүргізілген абаттандыру жұмыстарын және Универсиаданың брендті көліктерін көрді. Сондай-ақ Н.Назарбаев осында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковпен және 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенмен кездесті.

Айта кетейік, Алматы қаласының Медеу ауданында салынған мұз сарайы 11 га аумақты алып жатыр. Оның құрылысына қазақстандық материалдар қолданылған.

Мемлекет басшысына Универсиада өткеннен кейін «Халық арена» көпфункционалды кешенінде хоккейден жарыстарды ұйымдастыруға, оны жаппай халықтық сырғанақ алаңына айналдыруға болаты айтылды. Сонымен қатар, кешенде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытып, мәдени шараларды - концерттер мен жалпы халықтық мерекелерді өткізуге болады. 

Нұрұслтан Назарбаев мұз айдыны өте жақсы жерде орналасқанын айтып, алдағы уақытта бұл нысан демалыс пен спортты дамытудың маңызды ортасына айналуы керектігін жеткізді. Жоба бойынша спорт кешені жылына 150 мың адамды қабылдай алады.  

null null  

Соңғы жаңалықтар