ҚР Президенті Алик Шпекбаевқа табысты қызметі үшін алғысын білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшысы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевқа табысты қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде айтты.

«Менің Жарлығыма сәйкес Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Агенттікте оның басшылығымен жемқорлықпен күресте ауқымды жұмыс атқарылды. Осы құрылымның қызметі айтарлықтай жаңғырды. Жемқорлыққа қарсы бірқатар жобалар мен бастамалар қолға алынды. Солардың қатарында «ADALDYQ ALANY», «ANTIKOR ORTALYGY», «ADAL BILIM» және тағы басқалары бар. Алик Жатқамбайұлына осы қызметтегі табысты жұмысы үшін алғыс айтамын»,-деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжановтың тағайындалғанын атап өтті. «Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол маман. Әділет министрлігінде, Бас прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды. Кезінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орынбасары болды. Сондықтан мен оны осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мемлекеттің қауіпсіздігі және халықтың әл-ауқаты жемқорлықпен күресте жүзеге асырылатын жүйелі әрі тиімді шараларға тікелей байланысты»,-деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар