+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

ҚР Президенті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

2020 жылғы 1 маусым 18:28
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады - Президент «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады - ҚР Президенті

Қазақстан Президентіне министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT