ҚР Президенті Ақмола облысында 4,8 мың спортшыны дайындаған мектепке барды

None
None
ЖАҚСЫ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Жақсы ауданындағы Т.Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауданындағы жеке спорт мектебін аралап көрді.

Қазақстан Президентіне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көрсетілді. Қазіргі уақытта Жақсы ауданының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресі және футбол секцияларында спортпен шұғылданады.

Бұл спорт мектебі өз тарихында 4 800 спортшыны, соның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды.

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында ауылдағы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар