ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып Нұрболат Наржанов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрболат Мейрасбекұлы, 1982 жылы туған, қазақ. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы «КГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2003-2006 жылдар аралығында Астана қаласының Соттар әкімшісінің сот орындаушысы, бас сот орындаушысы, ұйымдастыру соты бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі болып жұмыс жасады.

2007-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бірқатар лауазымдарды атқарды (бас маман, басқарма басшысы, министрдің кеңесшісі мен көмекшісі).

2010-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші және бірінші хатшысы болып жұмыс жасады.

2016-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

2018-2019 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - облыс әкімінің хатшылығы басшысының қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар