ҚР Президенті: Агенттік жұмыс барысындағы қателікті қасақана жасалған қылмыстан ажырата білуге тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Агенттік алдында бірқатар маңызды міндеттер тұрғындығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді жұмыс атқару қажет. Мұндай шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек. Ондай тәсілдің кері әсері болады. Мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан тартынып, бюрократияға бой алдырады және лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілік алудан жалтарады», - деді Мемлекет басшысы.

«Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс. Сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тартуы қажет»,-деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар