ҚР Президенті «АФК Система» ААҚ ДК төрағасымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру келешегін талқылады

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте «АФК Система» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенковпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында энергетикалық және мұнайхимиялық салаларда компаниямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

Сонымен бірге, тараптар бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.  

Соңғы жаңалықтар