ҚР Президенті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы заңнаманы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар