ҚР Президенті Адам құқықтары жөніндегі уәкілін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, Ташкентте өткен Орталық Азия елдері омбудсмендері кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Асқар Шәкіровтің айтуынша, аталған іс-шараға қатысушылар Өңір омбудсмендері ынтымақтастығының жол картасын бекітіп, көші-қон үдерісі мен шекара аймағындағы өзара қарым-қатынастарға қатысты құқық қорғау мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмысы төмен топтарының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті олардың құқықтарының қорғалу мониторингін күшейтуді, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жәрдем беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар