ҚР Президенті Абайды насихаттауға қосқан үлесі үшін Армения профессорын марапаттады

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянға Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени, білім салаларындағы байланысты дамыту, сондай-ақ армян тіліне Абайдың «Қара сөздерін», М. Әуезовтің «Абай жолы» романын және «Қазақ әдебиетінің антологиясын» армян тіліне аударғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, ғалым өзінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдіріп, екі халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Ол Ереван мемлекеттік университеті мен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, оқытушылармен, ғылыми зерттеушілермен академиялық алмасудағы байланыстарды атап өтті.


Соңғы жаңалықтар