ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев еліміздің оңтүстік өңіріне жұмыс сапарымен барады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 14-інде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов еліміздің оңтүстік өңіріне жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мамырдың 14-інде Қызылорда мен Жамбыл облыстарында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің, ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының іске асырылуы жөніндегі басқару орталығының кезекті отырыстары өтеді», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар