ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды.
Сонымен қатар Премьер-Министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.

27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқитыны хабарланды. Қала әкімінің айтуынша, 3 шағынауданға әлі жылу берілген жоқ.

28 қараша таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Жалпы айта кетсек, Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 км жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 км, олардың тозу деңгейі 91% құрайды.

Екібастұз ЖЭО–да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 энергетикалық, 5 су жылыту қазандығы. Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар.


Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар