ҚР Премьер-Министрі желтоқсан айында Қытайға барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі желтоқсан айында Қытайға барады. Бүгін Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын қабылданған болатын.

«Жалпы қорытындылай келе, айтқым келетіні, біздің жоспарымыз үш негізгі бағытты қамтиды. Бұлар бірінші - Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделетін жаңа экономикалық саясат. Екіншіден, реформаларды жалғастыру. Үшінші - біздің жоспарымыздың барлығы шынайы, баршаға, халыққа да шаруашылық етуші субъектілерге де ұғынықты бола түседі», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетерлігі, бұған дейін хабарлағанымыздай, желтоқсан айының басында Үкімет Дағдарысқа қарсы бірыңғай бағдарлама мен жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын қабылдауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Премьер-Министр желтоқсан айында өзінің Қытайға сапары да жоспарланғанын атап өтті. «Елбасы тапсырмасына сәйкес, менің Қытайға сапарым жоспарланып отыр. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір жол-бір белдеу» бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі келісімдер аясындағы мәселелер және Қытай аумағындағы өндірісті Қазақстанның аумағына ауыстыру мәселелері қаралатын болады», - деді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар