ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне Ғалымжан Қойшыбаев тағайындалды. Оны Премьер-Министр Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысы алдында таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Телманұлы Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Телманұлы Президент әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігі жүйесінде ел үшін министрдің орынбасары болып көп жыл бойы еңбек атқарды. Ғалымжан Телманұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз», - Асқар Мамин.

Ғалымжан Телманұлы 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білім жоғарғы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететі (1991ж), Философия ғылымдарының кандидаты (1994ж.)

Атқарған қызметі:

1991 - 1994 М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты.

1995 - 1997 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.

1997 - 1998 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

1998 - 2004 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі.

2004 Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі.

2004 - 2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006 - 2008 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2008 - 2012 Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

2012 - 2016 Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016 жылдан бастап соңғы тағайындауға шейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» ордені, «Құрмет кресі» Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар